Астанада бірқатар көше уақытша жабылады

Кептелісті болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлауды және балама көшелерді пайдалануды сұрайды.

15 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстарына байланысты Астанадағы бірқатар көше жабылады, - деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

- Хусейн бен Талал көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына қарай 70 метрге;

- Жаңадария көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағынауданына қарай 70 метр.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан көшелердегі кептелісті болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлауды және балама көшелерді пайдалануды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.