«Бауырына салу» фильмі халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

Режиссер Асхат Кучинчирековтың туындысы әлі де халықаралық аренада әртүрлі кинофестивальдерде жүлделерге ие болып жатыр.

«Бауырына салу» фильмі тағы топ жарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Бауырына салу» фильмінің операторы Жанарбек Елеубек XX «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінде «Толықметражды көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» номинациясын жеңіп алды. 

Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Режиссер Асхат Кучинчирековтың туындысы әлі де халықаралық аренада әртүрлі кинофестивальдерде жүлделерге ие болып жатыр. 

Атап айтсақ, Сан-Себастьян кинофестивалінде премьерасы өтіп, Қазақстандағы үздік дебюті үшін Сыншылардың таңдауы сыйлығын, Asia Pacific Screen Awards (APSA) кинофестивалінде ең үздік жастар фильмі сыйлығы, т.б. иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.