Екібастұзда белгісіз вирусқа байланысты карантин енгізілді

Қаулы заңды күшіне енді.

Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында қызанаққа әсер ететін қауіпті вирустың табылуына байланысты карантин енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қала әкімінің қаулысымен Greenhouse-Qaztomat ЖШС жылыжай кешенінің аумағында қызанақтың қоңыр түсті қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus) тіркелді.

Осыған байланысты бұл аумақта карантин аймағы белгіленіп, ерекше режим енгізу туралы шешім қабылданды.