Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады.
Алматы қаласының Құрметті  азаматы атағы кімдерге берілгені белгілі болды
4,651
оқылды

Мерекелік іс-шаралар Абай алаңында өткен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты отбасылық фестивальден басталып, қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды құттықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы әрқашан алдыңғы шепте болып, оң өзгерістердің жарқын үлгісі болуы керек, бұған бар күшімізді, білімімізді және тәжірибемізді жұмсаймыз. Алматыны әрбір адам өз үйіндей сезінетін жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыру – біздің қолымызда, – деді мегаполис басшысы.

Қала басшысы дәстүр бойынша қаланы дамытуға үлес қосқан азаматтарды «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады.

Олардың қатарында көзі нашар көретін суретші Алексей Уткин, кескіндемеші Ерболат Төлепбай, композитор Ерұлан Қанафиянов, ақын Ұлықбек Есдәулет, техника ғылымдарының докторы Жұмабай Байнатов, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнәр Нұрланова, құрметті ұшқыш Дмитрий Душимов және кәсіпкер, меценат Нұрлан Смағұлов бар.

Сонымен қатар, құрметті атақ Мемлекеттік қуыршақ театрына берілді.