Жарылыс олар гараж ішінде қатты қысыммен газ құйып жатқанда болған.
Қарағандыда тұрғын үйде газ жарылып, үш жұмысшы зардап шекті
482
оқылды

Қарағандыда тұрғын үйде газ жарылып, үш адам зардап шекті. Олар сол үйдегі газгольдерге көгілдір отын құюға келген газ компаниясының жұмыскерлері екен. Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жарылыстың қатты болғаны соншалық, газ құятын бөшке орналасқан гараждың талқаны шығыпты. Оның қасындағы үйдің де терезелері сынған. Газгольдердің өзі зақымданбаған. Сол мезетте гараж ішінде қатты қысыммен газ құйып компанияның үш жұмыскері жүрген. Біреуі жеңіл жарақатпен аман қалса, 21 және 52 жастағы екі жұмысшы денесі күйіп жансақтау бөліміне түсті.

Апаттың нақты неден болғаны анықталып жатыр. Ал үй иелері бар шығынды газ компаниясынан өндіріп алмақшы.

– Бір апта бұрын газ орнатты, өздері келді. «Хантер газ құямыз» деді. Одан кейін үйде ешкім болған жоқ, кешке «атылып кетті» деп хабарласты. Құйып жатқан кезде болған. Қазір мына ыдыста 1780 литр газ бар екен. Әлі тұр ішінде. Демек  шлангтан ба, бірдеңеден кеткен ғой, – деді Азизбек Исмадияров.