Оқиға 15 қыркүйек күні болған.
Қарағандыда аттракционның кабинасы құлап, ана мен бала зардап шекті
Видеодан скриншот
427
оқылды

Қарағанды қаласындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында "Тікұшақ" аттракционының кабинасы құлап, кабинада болған 25 жастағы әйел мен 2 жасар қыз зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқыс оқиға 15 қыркүйек күні болған.

Қазір қалалық ішкі істер бөлімі мен Михайловский полиция бөлімінің қызметкерлері мән-жайды анықтауда.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

– Әйел мен балаға медициналық көмек көрсетілді. Аттракцион жекеменшікке тиесілі. Иесінде барлық пайдалану құжаты бар. Маусым басталар алдында сараптамадан өткен.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда, – деді Талғат Байтохин.