Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекеттік мекеменің бухгалтері 40 миллион теңгені жымқырған
1,053
оқылды

Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің 40 млн теңгені жымқырғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған.

– Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа берілді, – делінген хабарламада.