Үш әуесқой ғарышкердің саяхаты 10 қыркүйекте басталған болатын.
Ғарышқа аттанған алғашқы туристер жерге оралды
1,984
оқылды

Алғаш рет ақылы рейс арқылы ғарышқа ұшқан туристер жерге аман-есен оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы германиялық BILD басылымы жазды. 

Polaris Dawn жеке ғарыш миссиясы осылайша сәтті аяқталды. SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні таңертең Флориданың оңтүстігіне жақын маңдағы теңізге қонды.

Еске сала кетейік, миллиардер Джаред Айзекман және тағы үш әуесқой ғарышкердің саяхаты 10 қыркүйекте басталған болатын.

Флориданың батыс жағалауындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін Crew Dragon шамамен 1 400 шақырым биіктікке көтерілді.