Ғылым және жоғары білім министрлігіне 22 арыз түсті.
22 талапкер Ғылым және жоғары білім министрлігіне арызданды
Фото: istockphoto.com
1,968
оқылды

Жоғары балл жинағанымен, мемлекеттік білім грантына ие бола алмаған 22 талапкер Ғылым министрлігіне қарсы арыз берген. Бұл туралы Ақордада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ғылым және жоғары білім министрлігіне 22 арыз түсті. Бірінші азаматтың арызы соттың шешімімен бірден қайтарылды. Неге десеңіз, талапкер мемлекетті гранттың иесі. Жалпы, іс өз-өзінен тоқтатылды. Қазіргі таңда Астана әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр. 19 қыркүйек күні соттың бірінші отырысы өтеді. Алайда  сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің де, мемлекеттің де грантын алған. Енді тек соттың шешімін күтеміз», – деді ол.

Сонымен қатар министр елімізді мемлекеттік білім гранттарын бөлу тетігі ашық екенін баса айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.