Марқұм жақында медицина колледжін бітірген.
Сәтбаевта жас жұбайлардың тойын видеоға түсіріп жүрген мобилограф көз жұмды
Фото: istockphoto.com
1,439
оқылды

Жезқазған-Сәтбаев тасжолында үйлену кортежінің көлігі апатқа ұшырап, 19 жастағы жігіт көз жұмды, – деп хабарлады Aikyn.kz Патриотқа сілтеме жасап.

 

Полицияның мәліметінше, KIA Sportage, Toyota Land Cruiser 200 және Skoda Yeti бір-біріне соқтығысқан. Салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 5 адам ауруханаға түскен.

Видеода көлік жанармай бекетінен негізгі жолға түсіп, джипке жол бермегені байқалады. Land Cruiser жүргізушісі соққыдан кейін рульге ие бола алмай, тағы бір автокөлікке соқтығысады.

«Полиция жол-көлік апатын тудырған жүргізушіні ұстады, қылмыстық іс-қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Жас жұбайлар отырған көлікте тойды түсіруге бара жатқан мобилограф 19 жастағы Досымжан атты жігіт көз жұмған. Марқұм жақында медицина колледжін бітірген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.