Кездесу барысында штаб өкілдері атом электр станциясы құрылысының маңызы туралы айтып, отандық кәсіпорындардың ел экономикасының дамуына сүбелі қосып келетінін жеткізді.
АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері  Петропавлдағы Киров зауытында болды
350
оқылды

АЭС салуды қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшелері  облыс орталығындағы Киров атындағы зауыттың қызметкерлерімен жүздесіп, атом электр станциясының еліміз үшін қаншалықты қажет екені түсіндірілді.

AMANAT партиясы бастамашы болған кездесу барысында штаб өкілдері атом электр станциясы құрылысының маңызы туралы айтып, отандық кәсіпорындардың ел экономикасының дамуына сүбелі қосып келетінін жеткізді. Солардың қатарында Киров зауытын да ерекше атап өтуге болады. Зауыт өңірдің алдыңғы қатарлы өндіріс ошақтарының бірі. Кәсіпорын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп келеді. Мұнда компьютерлер мен түрлі баспа схемалары шығарылады. Ең бастысы, маңызды жоба барлық қауіпсіздік пен стандарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ, штаб мүшелері АЭС ол тұрақты энергия көзі екенін тілге тиек етті.

«Бүгінде елімізде бір тәуліктегі энергия тапшылығы 1500 МВт. Ал жылыту маусымында ол тіпті 2500 МВт жеткен. Газ генератор станциясының немесе жаңа энергия көздері бұл тапшылықты жабуға және елдің экономикасын электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан атом электр станциясын салу қажеттілігі туындады», - деді штаб мүшесі Александр Казанцев.

Жиында зауыт жұмысшылары  қазба отынына деген тәуелділікті төмендету, жаңа жұмыс орындарын құру және елдегі экономикалық өсуді ынталандыру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.