Көлік Вице министрі Талғат Ластаев және “SKYHANSA” Басқарушы серіктесі Юрген Грецбах келісімге қол қойды.
Қазақстан-Германия консорциумы аясында жаңа жүк-жолаушылар әуежайы салынады
436
оқылды

Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен "SKYHANSA" компаниясы арасында "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Құжатқа Көлік Вице министрі Талғат Ластаев және “SKYHANSA” Басқарушы серіктесі Юрген Грецбах қол қойды.

Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді.

Жобаға жеке инвестициялардың жалпы сомасы 300-ден астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 500 млн АҚШ долларынан басталады деп болжануда.

Бүгінгі таңда Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді, инвестор инвестициялар туралы келісім жасалғаннан кейін жобаны іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр.