Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сархат Бейсенова Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды
480
оқылды

Сархат Бейсенова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, – делінген хабарламада.

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.

1996-1998 жылдары – Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы.

1998-1999 жылдары – Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы.

1999-2002 жылдары – Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологі, меңгерушісі.

2002-2007 жылдары – Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы.

2007-2009 жылдары – Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары.

2009-2011 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары.

2011-2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры.

2014-2015 жылдары – ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

2015-2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

2017-2019 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.

2019-2020 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.

2020 жылдан бастап қазірге дейін – Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Айжан Есмағамбетова атқарған болатын.