Жиында сөз алған штаб мүшелері АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу деген пікір білдірді.
Степногорда АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штабтың кездесуі өтті
784
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сан түрлі сауалына жауап беріп жатыр. АЭС салуды қолдау жөніндегі Степногор қалалық Халықтық штаб мүшелері де өңіріміздегі ірі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиында сөз алған штаб мүшелері АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу деген пікір білдірді:

«Себебі, 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 миллиард киловаттан асуы мүмкін. Ғалымдар түйткілдің түйінін тарқату үшін атом электр станциясын салуды ұсынып отыр. Станция салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болады», – деп атап өтті қалалық штаб мүшесі Асқар Қасенов.  

Ақмола облысындағы ірі кәсіпорын «Степногорск подшипник зауыты» қызметкерлеріне Степногор қалалық халықтық штаб мүшесі Валерий Котович электр энергиясын өндірудің бірден бір тиімді көзі атом электр станциясын салу екендігін айтуда. Кәсіпорын қызметкерлеріне штаб мүшелері еліміз үшін атом электр станцияларының қажеттілігі, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратты бөлісті.

Жалпы, штаб мүшелерінің кездесуі Ақмола өңірінің барлық еңбек ұжымдарында, ауыл тұрғындарымен өтіп жатыр