Оқиға тәуліктік наряд кезінде болған.
Арыс гарнизонында әскери қызметкер өзіне қол жұмсамақ болды
1,202
оқылды

16 қыркүйек күні Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметкер тәуліктік наряд кезінде басынан жарақат алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжал себебінен өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Әскери қызметкер аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

– Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланды. Өміріне қауіп жоқ. Жаралану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.