Қазір әлемнің алпауыт елдері дамыған, озық технологияларының көмегімен халықтың әлеуетін, ішкі экономикасының тиімділігін арттырып жатыр.
Қаламгерлер референдумның ел болашағы үшін маңызды қадам екенін айтты
729
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қызылордада түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

БАҚ саласының өкілдері биліктің төртінші буыны деп бекер айтылмаған. Қоғамның өзекті мәселелерінен бұқараны хабар қылып, толассыз ақпарат ағынында сарапталған мақалалар мен сюжеттерін халыққа ұсынып келеді. 

Ақпарат саласының өкілдерімен пікір алмасып, Мемлекет басшының халыққа жолдауынан туған маңызды мәселелерді талқылау мақсатында аймақтық және қалалық Халықтық штаб өкілдері «Сыр медиа» ЖШС-нің ұжымымен кездесті. 

Жиында қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықжаев Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғандығы, энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер ететініне тоқталды. 

«Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Дегенмен, жерасты қорларының да сарқылар уақыты таяу. Демек, жасыл энергия сатысына көшетін кез келді. Осы орайда Мемлекет басшысының АЭС салу ұсынысы оның көрегенділігі, ал халықтың таңдауына бергені - саяси стратегиялық қадам деп түсінуіміз керек», – деді Ибадулла Құттықжаев.

Қазір әлемнің алпауыт елдері дамыған, озық технологияларының көмегімен халықтың әлеуетін, ішкі экономикасының тиімділігін арттыруда. Оның ішінде уран өндірісінен туатын атом энергиясы да бар. Қазір ғалымдар атом станциясының соңғы моделін, яғни «3+» буынын ойлап тапты. Бұл механизм суды да аз қажет етеді. Қоршаған ортаға да зияны тимейді, әрі көп мөлшерде энергия өндіреді деп отыр. Бұл орайда сөз алған штаб мүшесі, Мұхиджан Кәрімбаев энергетика саласы маманы ретінде кеңінен ақпарат беріп өтті.

«Қазір энергияның басым бөлігі көмірден өндіріліп жатыр. Алайда өндірлегн өнімнен ауаға тарайтын улы газдың да үлесі көп. Оның үстіне ғаламның климаты өзгеріп, келешекте көптеген мәселелер туындауы мүмкін. Париж конвенциясы бойынша көмірден электр қуатын өндіруді шектеп, 2060 жылға дейін мәселені оңтайлы шешу шаралары қабылдануда. Негізенен электр қуатын жел, су, күн сәулесінен көздерінен алуға болады. Алайда бұлардың барлығы тұрақты энергия көздеріне жатпайды», – деді ол. 

Басқосуда сала өкілдері де атом энергиясының тиімді тұстары төңірегіндегі өз ойларын ортаға салып, жалпы референдумның ел болашағы үшін маңызды қадам болмағын тілге тиек етті.