Өнер иесі “Иірім” бағдарламасында қонақ болып, жеке өмірін бүкпесіз баяндап берді.
"Енем маған айтпай, күйеуімді үйлендіріп жіберді": Меруерт Түсіпбаева жан сырын ақтарды
Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/
9,410
оқылды

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып, сырын ақтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі “Иірім” бағдарламасында қонақ болып, жеке өмірін бүкпесіз баяндап берді. Әншінің сөзінше, жолдасымен ажырасуға енесінің де ықпалы болған көрінеді. 

“Студент күнімізде шаңырақ көтердік. Жалпы, енем мені қабылдамады. Жолдасым Шымкент өңірінің жігіті еді. Сол заманда несиеге үй алып, қалада тұрып жатыр едік. Бір күні енем келді де, күйеуімді ауылға алып кетті. Шымкенттегі зауытқа жұмысқа тұрғызып, маған айтпай үйлендіріп жіберген. Өте қиын күндер басталды. Киім болмай, ақша жетпей қолдан киім тоқып киген күндерім де болған. Жатақханада тұрғанда, тосап жауып, ақша тапқан едім. Атүстінде жүрдім. Жақындарыма көмектесу керек болды. Сондай күндер де өтті”, – деді өнер иесі. 

Одан кейін ұлының бала күнінде жанында бола алмағанын да айтып, жылап қалды. 

“Ұлыма көңіл бөле алмадым. Оның балалық шағын еске түсіргенде ол менің алдымнан жүгіріп шығады. Бірақ мен “Балам, мен асығыспын” деп үйге кіріп кетіп, чемоданымды жинап, қайтадан кетіп қаламын. Уақыт солай өте берген. Бала күтушісі, анам, әпкелерім болды. Оны жалғызсыратпады. Мен ғана болмадым. Сол кезде қате түсінік болыпты. “Балаңа жағдай жасап жатырсың. Сол жеткілікті” деп ойладым. “Бір кем дүние” деген сөз бар ғой. Бүгінде ұлым Жапония мен Австралияға ғана барған жоқ. Барлық мемлекетті көрді. Әрине, сол үшін мен тынбай еңбек еттім. Бірақ баламның балалық шағын көре алмадым. Қатты қиналып жүргенде психологқа барып, жан жарамды емдедім. Ұлыммен қарым-қатынасымыз суып кеткен еді. Соны жақсартуға тырысып, шетелде тұрып келдім. Бір ай жанында болдым. Бала тез есейіп кетеді екен. Қазір бәріне айтарым, балаңа көбірек көңіл бөлу керек”, – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.