Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ГФР Канцлері Олаф Шольц келіссөздер барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшылары келеді, кетеді, ал көршілес халық бейбіт өмір сүруі керек — Тоқаев
Фото: Ақорда
582
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ГФР Канцлері Олаф Шольц келіссөздер барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, Украина төңірегіндегі жағдайға назар аударылды.

– Мемлекет басшылары келеді, кетеді. Ал халық, әсіресе көршілес халықтар бейбіт әрі бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек. Қазақстанның Ресеймен дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын шегенделген шекарасы бар. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында дамып келеді. Қазақстандықтар украин халқы мен оның төл мәдениетіне шынайы құрметпен қарайды. Қазақстан мен Украина арасында ешқандай келіспеушілік болған емес. Киевте Елшілігіміз әлі де жұмыс істеп жатыр, – деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцті салтанатты қарсы алу рәсімі өткенін жазған болатынбыз.