Әлеуметтік желіде миллиондаған жас қолданушы тіркелген. 
Instagram балаларға арналған жаңа ереже қабылдады
880
оқылды

Instagram кәмелет жасқа толмаған жас қолданушылар үшін жаңа ереже енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Енді балалардың парақшасы автоматты түрде жасырын статусқа ауысып, деректер құпиялылығы сақталады. Сондай-ақ платформадағы контент түрлеріне шектеу қойылады.

Әлеуметтік желіде миллиондаған жас қолданушы тіркелген. Шектеу толық іске қосылғаннан кейін, 16-17 жастағы жасөспірімдер қолданбаны қалауынша өзгерте алады. Бірақ 13-14 жастағылар үшін ата-анасының рұқсаты қажет.

Компания мұндай өзгерісті платформада кәмелетке толмағандарға қарсы қауіптің алдын алу мақсатында жүзеге асырған.