Бүгінде әлемнің 31 елінде шамамен 415 ядролық реактор жұмыс істейді. Ең көп АЭС саны АҚШ-та. АЭС арзан ғана емес, ең сенімді энергия көзі болып саналады.
Халықтық штаб ШҚО-да, БҚО-да тұрғындармен АЭС-ке қатысты кездесу өткізді
743
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб ШҚО-да, БҚО-да тұрғындармен кездесіп, өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабының өкілдері №8 бастауыш партия ұйымымен кездесіп, АЭС-ке қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Біздің сіздермен жүздесудегі басты мақсатымыз – 6 қазанда АЭС салуға қатысты өтетін жалпыұлттық референдум бойынша ақпаратпен таныстыру. Сонымен қатар сіздердің тараптарыңыздан туындаған сұрақтарға жауап беру», – деді Халықтық штаб мүшесі Сергей Коротин.

Бүгінде әлемнің 31 елінде шамамен 415 ядролық реактор жұмыс істейді. Ең көп АЭС саны АҚШ-та. АЭС арзан ғана емес, ең сенімді энергия көзі болып саналады.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық Халықтық штабы еңбек ұжымымен кездесті

Елімізде атом электр стансасы салынса, электр қуатының бағасы арзандайды. Бұл ең алдымен тұтынушыларға тиімді. Бұған қоса, шығыны мен зияны мол көмір мен газдан құтыламыз,  – дейді мамандар. Оралды жылу және электр қуатымен қамтамасыз ететін "Жайық жылу қуат" мекемесі өткен ғасырдың 60-жылдары салынған.

Жылына 58 мегаватт электр қуатын өндіретін кәсіпорын қаланың 35% ғана жарықпен қамтамасыз етеді. Қалғаны басқа кәсіпорындардан және көршілес Ресейден алынады. Мекеме өкілдерінің айтуынша, қуаты жойқын АЭС салынса, көршілерге кіріптарлықтан құтыламыз әрі қуат бағасы айтарлықтай арзандамақ.

Бекболат Камешев, "Жайықжылуқуат" АҚ Бас директорының орынбасары:

АЭС өте керек нәрсе. Біз газды жұмсаймыз, сосын қондырғылар ескі болғасын, запчасть қымбаттап жатыр. Енді жаңасын салғасын, тарифтер төмендейді деп мен ойлаймын. Себебі шикізат алатын, дәл осы АЭС-ті қосатын шикізат өзімізде де бар. Сол себепті бізде арзан болуы керек.

АЭС салуды қолдау жөніндегі штаб өкілдеріне жылу мекемесінің жұмысшылары көкейде жүрген сұрағын қойды. Кейін осы ұсынысты ұжым болып қолдайтынын білдіріп, өндіріс ошағында АЭС салуды қолдау жөніндегі штаб құрылды.

Асылан Тапишев, АЭС салуды қолдау жөніндегі Орал қалалық штабының жетекшісі:

– Барлық өндірістерде осындай түсіндірме жұмыстар бойынша осындай штабтар құрылса, Орал қаласының тұрғындарына ақпаратты кеңінен жеткізе аламыз. Себебі қазір қоғамда әртүрлі пікірлер бар ғой. Біреулер келіспейді, біреулер келісер, біреулер тіпті мүлдем ақпараттандырылмаған азаматтар. Сондықтан штабтың мақсаты – халықты ақпараттандыру.