Облыстық Халықтық штаб мүшелерінің білім саласы қызметкерлерімен кездесуінде AЭС-тің осы бағыттағы артықшылықтары мен негізгі тигізер пайдасы кеңінен талқыланды.
Сала мамандары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді
748
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қызылордада АЭС-тің маңызы  туралы кездесу өткізіп жатыр. Облыстық Халықтық штаб мүшелерінің білім саласы қызметкерлерімен кездесуінде AЭС-тің осы бағыттағы артықшылықтары мен негізгі тигізер пайдасы кеңінен талқыланды. 

Бүгінде  Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органда 36, ғылыми-техникалық ұйымдарда 2,9, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 15 мыңға жуық маман қамтылған. Атом өнеркәсібіндегі студенттердің саны 9 000 адамды құрайды. Бұл – алдағы уақытта жас мамандар саны артатынының көрінісі. Яғни, білім саласына тигізер ықпалы зор.

«Орташа алғанда, атом электр стансасын пайдалану кезеңінде жоғары және орта арнаулы білімі бар шамамен 2 000 адамнан тұратын қызметкер қажет. Осы мақсатта болашақта атом энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кадрларды даярлау жоспары жеке әзірленіп, қабылданбақ. Оның негізінде қажетті мамандар даярланатын болады. 2023-2024 оқу жылына атом өнеркәсібіне 5 246 грант бөлінген, оның ішінде уран өнеркәсібі мамандықтары бар.  Бұл біздің аймақтың білім саласы үшінде тиімді болмақ», – деді штаб мүшесі Гүлшат Мұсаева. 

Жиында қалалық Халықтық штаб мүшесі Талғат Мақаш дүниежүзінде 62 реактор салынып жатқанын атап өтіп, атом электр стансаларының өнеркәсіптік-өндірістік персоналының шамамен 20%-ын ядролық білімі бар өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер құрайтынын жеткізді. Айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда екі ірі ғылыми-зерттеу ұйымы бар. Ол – Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығы және Алматыдағы ядролық физика институты. Олар атом электр стансаларын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету қызметін атқарады. Осы ғылыми-зерттеу ядролық реакторларының іске қосылуы ядролық физика әдістерін еліміздің әртүрлі салаларына енгізуге кең мүмкіндік ашпақ. 

Жиын қорытындысында көптеген жастардың бүгінгі күні білікті маман болып қалыптасуына мектеп қабырғасында білім мен бағыт-бағдар беріп отырған ұстаздар қауымы олардың болшағы үшін, Президенттің әрбір бастамасына қашан да қолдау көрсететінін жеткізді.