Қызметтік тергеу жүріп жатыр: әскери қызметкер тапаншадан жарақат алды

Мәліметке сәйкес, оқиға полигонда оқу-жаттығу аяқталған соң болған.

Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жағдайға байланысты ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

– Қаруды тапсыру кезінде Макаров тапаншасынан әскери қызметші сұқ саусағына жеңіл жарақат алды. Медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр және қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығынан.