Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова ене мен келін тақырыбына тоқталды.
Ұлының емес, келіннің сөзін сөйлейді: Сара Тоқтамысова ене мен келін қатынасы туралы айтты
180
оқылды

Ол ене мен келіннің сыйластығы екі тарапқа да байланысты болатынын жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтыскер ақын өзінің анасы мен келінінің қарым-қатынасын мысалған келтірген.

«Ұлының туған күнінде келініне жүзік тағып жатыр . Үлкен қүрмет кішкентай сыйластықтан басталады. Келін, ол - келін. Қыз, ол - қыз деп әркімнің орнын шұқып көрсетпей-ақ, әр адам өз тарапынан мейірім таныта берсе, адамзат өзі армандағандай өмір сүреді емес пе? Бастысы Алла разылығы үшін деп жасаса болды.

Мамамды көбіңіз жақсы көресіздер. Шынайы адам. Жасандылығы жоқ . Сыйласқанмен сыйласа біледі. Келініміздің қабағы түссе, қатты алаңдайды. Ұл мен келін ренжісіп қалса, ұлдың емес, келіннің сөзін сөйлеп шығады.

Арна, ол - біздің алтынымыз. Керемет орталық ашты. Сол орталыққа келген әр бала дұғамызда. Әлем мойындайтын ұлы маман иесі бол, жаным .

Осы бір жылы қарым-қатынас әр адамда бола берсін деп видеоны салып қойдым», — деп жазды ақын.