Оқиға Түркістан облысында болды.
Мас ер адамдар жас жігітті ұрып-соғып, өлтірген
1,015
оқылды

Түркістан облысында тағы да жантүршігерлік кісі өлімі тіркелді. Ақсукент ауылында мас күйдегі ер адамдар жас жігітті аяусыз ұрып-соғып, өлтірген – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиғаға дейін олар марқұмның көлігін тартып алып, Шымкентке барған. Қылмысқа қатысушылардың бірі соққыға жығылған жас жігітті видеоға түсіріп, оны анасы мен досына жіберіпті.

Асылжан Қалдарбеков, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары:
«Жәбірленушінің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу жүргізілуде, оның аясында оқиғадағы әрбір қатысушының, яғни 2 тұлғаның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар қылмысты жасырып қалу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Барлық мән-жайлар анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді».

Қазіргі таңда жәбірленушінің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ қылмысты жасырған адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.