Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астаналық полицейлер қала тұрғынынан 1,5 келі гашиш тәркіледі
348
оқылды

Жедел-іздестіру шаралары барысында астаналық полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 50 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер ұсталған адамның пәтеріне тінту жүргізу кезінде жасыл-сұр түсті зат салынған пакетті тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы бір жарым келіге жуық гашиш болып шыққан. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.