Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі, 19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік болжанады.
Жаңбыр, тұман, 2 градус үсік: 19-21 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
631
оқылды

"Қазгидромет" РМК 19-21 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы аптаның соңына дейін кең антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамти береді, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады, тек еліміздің оңтүстік бөлігі ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаңбыр, найзағай күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжануда. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі, 19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік болжанады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.