«Майқайың алтындағы» оқиға: 6 адам ұсталды

Күдіктілер тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды.

Автобуспен ескі шахтаға құлаған төрт құтқарушының қаза тапқаны туралы іс бойынша "Майқайың алтын" АҚ қызметкерлері қамауға алынды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Күдіктілер тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды. Кәсіпорынның алты қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында "Майқайың алтын" АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, Павлодар ПБ УҰИ-ға қамауға алынды", – делінген Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.