Алдын ала мәліметтер бойынша, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Жетісу облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар баланың мәйіті табылды
Фото отбасының жеке мұрағатынан
996
оқылды

18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.     

Алдын ала мәліметтер бойынша, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

"Полиция ата-аналар мен қамқоршыларды ерекше мұқият болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сіздің назарыңыз бен қамқорлығыңыз болашақта мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алуы мүмкін. ТЖД қызметкерлеріне, Ұлттық ұланға, жергілікті атқарушы органға, жергілікті тұрғындар мен еріктілерге іздеу барысында көрсеткен баға жетпес көмегі үшін алғыс білдіреміз", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.