Коронавирус зардабы: Қазақстанға Қытайдан келетін тауар азайды
Коронавирус зардабы: Қазақстанға Қытайдан келетін тауар азайды
Фото: Интернеттен алынды
467
оқылды
Басты себеп, әлемді жайлаған COVID-19 вирусы экономикаға да кері әсер етіп отыр, – деп жазады 24.kz. Коронавирустың Қазақстанға кері әсерін Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев айтты. Жұқпалы дерттің кең таралуы салдарынан еліміз ғана емес, одақтас мемлекеттер де шекаралық шектеу енгізген болатын. Яғни, кейбір тауарларды импорттауға рұқсат жоқ. Мұның соңы Еуразиялық экономикалық одақта сыртқы сауда айналымының азаюына әкеп соқтырды. Егер былтырғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға Қытай тауары тиелген 13822 көлік келсе, биыл олардың саны 11 мыңға кеміген. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев: «Коронавирус Қытайдан пайда болған соң импорт азайды. Қаңтар мен ақпанда Қытай тарапынан 22%-ке тауар айналымы азайды. Оның ішінде, автокөліктер  – 24%, теміржол – 14%.  Әрине, импорт азайған соң, табысқа да етеді», – деді.