Штаб өкілдері атом электр стансасын салу және одан әрі пайдалану ел экономикасын дамытуға қуатты серпін бола алатынын атап өтті.
АЭС құрылысы жөніндегі Халықтық штаб кәсіпорындардың еңбек ұжымымен кездесу өткізді
846
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб Орал өңірінде бірқатар кездесу ұйымдастырды.

Ақпараттық науқан аясында АЭС (атом электр стансасын) салуды қолдау жөніндегі өңірлік Халықтық штаб өкілдері жетекші кәсіпорындардың, соның ішінде "ЖайықЖылуҚуат", "Батыс Су Арнасы", "Жайық ұн", "Жайық Таза Қала", сондай-ақ облыстық жедел жәрдем стансасының және т.б. еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Бұл іс-шаралардың мақсаты – қызметкерлерді АЭС туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын өткізіп, оның құрылысының еліміз үшін маңыздылығы, әрі осы стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты ықтимал артықшылықтар мен тәуекелдерді талқылау.

Кездесулер барысында Халықтық штаб өкілдері атом электр стансасы жөнінде толық ақпарат беріп, келесі мәселелерге ерекше назар аударды:

1. Экономикалық даму және жұмыс орындарын құру: штаб өкілдері атом электр стансасын салу және одан әрі пайдалану ел экономикасын дамытуға қуатты серпін бола алатынын атап өтті. Жоба құрылыс кезеңінде де, стансаны пайдалану процесінде де жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді.

2. Энергетикалық тәуелсіздік және тұрақтылық: кездесулерде АЭС іске қосылуы елімізді энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа ықпал ететін сенімді және экологиялық таза энергия көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

3. Экологиялық қауіпсіздік: экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қоршаған ортаға әсерді азайту үшін атом электр стансаларын салу және пайдалану кезінде қолданылатын заманауи технологиялар мен қатаң халықаралық стандарттар туралы айтылды.

4. Әлеуметтік инфрақұрылым: сондай-ақ атом электр стансасының құрылысы аясында жүзеге асырылуы жоспарланған ықтимал әлеуметтік жобалар талқыланды. Бұл еліміздегі өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін әлеуметтік инфрақұрылымды, білім беруді және денсаулық сақтауды дамытуға қатысты.

Кәсіпорын қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Бұл кездесулер халықтың хабардарлығын арттыруға және АЭС салуды қолдау бойынша шешімдер қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар сериясының бөлігі болып саналады. Халықтық штаб өкілдері елдің маңызды мәселесін барынша толық және ашық талқылауды қамтамасыз ету үшін халықтың әртүрлі топтарымен кездесулер өткізуді жалғастырады.