Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылынан бастап, К.Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С.Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.