Желі жұлдызы “Қоғам дауысы” подкастына сұхбат беріп, кінәсін толық мойындағанымен, арандатушылардың торына түсіп қалғанын жасырмады.
Өзімнен де қателік кетті: Мұрат Әбділда абақтыдағы өмірін баяндап берді
576
оқылды

Әлеуметтік желі арқылы танымал болған Мұрат Әбділда абақтыдағы өмірінің қалай өткенін айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Бұрын соңды түрме көрмегенсін, басында қатты күйзеліске түстім. Басыма түскен іс түсім сияқты болды. Балағат сөз айтқаным үшін, қамалып кеттім. Негізі, арандатушылардың ісі болды. Бекерден бекер ешкімді боқтап сөйлемеймін. Арандатушылар шамайыңа тиетін сөз айтады, сондай кезде мен де есемді жібермеймін. Өзімнен де қателік кетті. Қамалғаныма өзім ғана кінәлімін. Өнер адамының жүрегіне салмақ болатын жағдай өтті. Алла бәріне төреші. Қамалып кеткен қиын екен”, – деді әнші. 

Одан кейін өнер иесі қолына кісен салғанда жылап жібергенін айтты. 

“Менің қай түрмеге баратынымды бәрі естіп қойыпты. Көліктен түскенде қарсы алды. Бірақ ешкім ғайбат сөйлеп, қоқан-лоқы көрсеткен жоқ. Сол жердегі жігіттермен бірге жазамды өтеп қайттым. Бәрі сенің өзіңді ұстауыңа, адамдармен сөйлесе алуыңа байланысты сыйлайды. Бастапқыда уақытша ұстау изоляторында жаттым. Сол жақтан аппеляциялық шағым түсірдім, сот оны қабылдамады. Екі айдан кейін Шымкенттегі лагерьге жіберді, сонда екі жарым жыл болдым. Бірінші күні қолыма кісен тағып жатқанда аяқ-қолым дірілдеп, көзімнен жас шығып кетті. Төрт жарым жылға емес, мәңгілікке сотталғандай күйде болдым", – деп күрсінді желі жұлдызы.