Бүгін ауа райы қандай болады?
Үсік жүріп, жаңбыр жауады: 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
618
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.

Оңтүстікте және  оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.

Республика бойынша жел екпіні күшейеді. Батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1-2 градус үсік жүреді. 

Сондай-ақ барлық дерлік өңірде әлі де төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.