Құрылыс биыл қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Қоянды ауылында су бұру каналы салынып жатыр
1,005
оқылды

Су тасқынының және елді мекен көшелерін еріген қар суы басуының алдын алу мақсатында Қоянды ауылының айналасында су бұру каналы салынып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақмола облыстық әкімдігіне сілтеме жасап. 

Жоба Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «QazaqCityStroy» ЖШС жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда мердігерлік ұйым жалпы ұзындығы 4 км (оңтүстік тармағы 2 км және шығыс тармағы 2 км) су бұру арнасын орнату бойынша жер жұмыстарын жүргізуде.

Арнаның жалпы құрылысын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.