Қайғылы оқиға кеше жұмыстан тыс уақытта болған.
Аягөз әскери гарнизонының офицері өзіне қол жұмсады
1,148
оқылды

Аягөз қаласында әскери гарнизонының қызметкері көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні жұмыстан тыс уақытта болған.

– Гарнизондағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп жазылған хабарламада.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтады.