Бүгінгі күні алғашқы ірі құрылыс компанияларының бірі «BI-group» – Кенесары, Асан қайғы, Тараз көшелерінің қиылысындағы ескі үйлерді сүру жұмыстарын бастады.
Астананың Байқоңыр ауданында ескі үйлердің орнына жаңа үй салынады
Фото: видеодан алынды
2,386
оқылды

Астананың Байқоңыр ауданында үй сүру жұмысы басталды. Бұл туралы аудан әкімі Талғат Рахманберді мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

"Бүгін Байқоңыр ауданы үшін тағы бір кезекті тарихи сәт. Себебі, ауданымызда реновация аясында алғашқы үйді сүру жұмысы басталды.

Бүгінгі күні алғашқы ірі құрылыс компанияларының бірі «BI-group» – Кенесары, Асан қайғы, Тараз көшелерінің қиылысындағы ескі үйлерді сүру жұмыстарын бастады.

Жалпы, бағдарлама аясында бас жоспарға сәйкес «Байқоңыр» ауданы аумағында 865 жеке тұрғын үй сүріліп, орнына:
- ⁠96 көпқабатты тұрғын үй;
- ⁠3 мектеп, 10 балабақша,
- ⁠4 медицина орталығы, 5 шағын емхана;
- ⁠ 21 бизнес және кәсіпкерлік нысандары;
- ⁠3 қоғамдық кеңістік;
- ⁠5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 2 мәдениет нысанын жайластыру жоспарлауда", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.