Әскери қызмет атқару үшін қолайлы жағдай жасау және қолдау бойынша қабылданған шараларға қарамастан, өкінішке қарай, әскери қызметкерлердің өлімі болып жатыр.
Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери қызметкерлердің өлімі мен жарақат алуының негізгі себебін атады
Фото: Қорғаныс министрлігі
562
оқылды

Брифинг барысында Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев жастар әскерге барғысы келмейді деген пікірмен келіспейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тілеухан Басқожаев ата-аналардың бәрі бірдей балаларын қызметке жіберуден қорқады деп айтуға болмайды деп есептейді. Оның айтуынша, оқыс оқиғалар мен қайғылы жағдайлардың 85-90 пайызы казарма қабырғасында емес, әскери бөлімдерден тыс жерде болады.

«Барлығын жалпылама, қазақстандықтар қызмет еткісі келмейді деп айтудың қажеті жоқ. Қоғамда көптеген пікір бар екенін түсінеміз. Біздің барлық әскери оқу орындарында бір орынға 4 адамнан келеді. Енді қазақстандықтар әскери қызметке барғысы келмейді деу негізсіз», – деп түсіндірді Басқожаев.

Бұл ретте ҚР Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жауынгерлердің қаза табуы мен жарақат алуының негізгі себебін атады:

- қаруды және оқ-дәріні абайсыз ұстау;

- жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу;

- жұмыстан тыс уақытта жол-көлік оқиғалары;

- аурудан болатын өлім;

- отбасылық келіспеушіліктерге байланысты өз-өзіне қол жұмсау және әрекет ету.

«Әскери қызмет атқару үшін қолайлы жағдай жасау және қолдау бойынша қабылданған шараларға қарамастан, өкінішке қарай, әскери қызметкерлердің өлімі болып жатыр. Әрине, соңғы жылдары қарқындылығы күрт өскен жауынгерлік дайындық жарақат алу қаупімен байланысты. Бейбіт уақытта Қарулы Күштер қатарында қызмет ету аса қауіпті емес. Әскери қызметкерлердің өлімінің барлығы дерлік бүгінде бейбіт тұрғындардың өліміне ұқсас», – деді Жазықбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.