Президент тапсырмасымен елде интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілді. Алғашқы қорытындылар қандай? Сарапшылар жауапты құрылымдардың тек салдарлармен күресіп жүргенін сынап келді. Үкімет сыннан мінді түзеуге кіріскенге ұқсайды.
Алаяқтарға қарсы «қарусыз» майдан
513
оқылды

Сондай-ақ күрес тетіктерін нығайту үшін заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр. Оның аясында суперадминистраторлар, антипарсерлер, антибот-жүйелер қызметіне бақылау енгізілмек. Жыл сайын хакерлерді тартып, ауқымды кибероқыту жүргізіледі.

Қазақстанда бүгінде мемле­кет­тік қызметтердің 92%-ы он­лайн көрсетіледі. Оның 85%-ын eGov mobile арқылы смартфоннан лез­де алуға болады. Банк сек­то­рын­да, онлайн саудада, мемле­кет­тік қызметтер көрсетуде цифрлық сер­вистердің серпінді дамуы ел тұр­ғындарының өмірін қолайлы етеді, мәселелерін жеңіл шешуге мүм­кіндік береді. Сонымен бірге мұ­ның бәрі қаптаған интернет-алаяқ­тар үшін де кең өріс ашады. Олар мысалы, қазақстандықтар­дың үстінен әп-сәтте онлайн-кре­дит рәсімдей алады немесе олар­дың бүкіл жинағын көзін ашып-жұмғанша өзге шотқа қо­та­рып алады. Тиісінше, цифрлан­дыру­дың артуымен бірге кейінгі жылдары киберқылмыстар саны күрт өсті және олардың айла-шар­­­ғылары күн сайын жетіл­дірі­ліп, күр­деленеді. 

Мұның кең ауқым алғаны сон­ша, ондаған жылдар бойы кемеліне келтірілген дәс­түр­лі алаяқтық түрлері интернет-алаяқ­тыққа ысырылып жол бер­ген. Қа­зіргі кезде алаяқтық де­­рек­терінің жал­пы санында бір ғана интернет-алаяқ­тықтың үлесі жартысына жет­ті. 2023 жыл қорытындысында жал­пы 43 895 қылмыстың 21 637-сінде (50%) құрбан интер­нет ар­қылы тұзаққа түс­кен. Бұлар ел­де­гі бүкіл қылмыстың шама­мен бес­тен бір бө­лігін (18,7%) құ­рай­д­ы. 2024 жылдың бірінші жар­ты­сын­да осын­дай 9 462 қылмыс тір­­­­келген. Бұл мысалы, 2017 жыл­ғы – бір жыл бойғы көрсеткіштен 4 еседей көп. Яғни, алаяқтықтың осы түріне тосқауыл қойылса, қыл­мыс көр­сеткіші күрт жақсарар еді.

Кейінгі 7 жылда интернет-алаяқ­тық саны 10 еседен көп арт­қан. 2017 жылы – 2 046, 2018 жы­лы – 4 287, 2019 жылы – 7 733, 2020 жылы – 14 175, 2021 жылы – 21 275, 2022 жылы – 20 444, 2023 жы­лы – 21 637 осындай қылмыс тір­­келді. Тіркелмей қалғаны қан­ша­ма? Азаматтарға келтірілген шы­ғын 21 миллиард теңгеден ас­ты. Бұл цифрлардың ар жағында тап­қан-таянғанынан айырылып, теперіш көрген тағдырлар, құқық қорғау органдарынан қорған тап­пай, өмірден түңілген адамдар, бас­пана алуға сайлаған қаражатын жо­ғалтып, күйреген шаңырақтар тұр. 

– Халықтың қаржылық сауат­ты­лығы төмен. Соның аясында ин­тернет пен ақпараттық тех­но­ло­­­гиялар, жасанды интеллект, хро­макей технологиялары және бас­қалары алаяқтар үшін қолайлы орта құрды. Олар тіпті видео­қоңы­­­рау шалғанның өзінде бет-жүзін жа­сыра алады. Біз алаяқтыққа жол беретін алғышарттармен, се­беп­терімен емес, тек салдарлары­мен күресудеміз. Азаматтары­мыз­дың 48,2%-ы ақпаратты әлеу­­­­­меттік желіден алатынын айтқан. Онда не­гізінен зорлық-зомбылық, атыс-ша­быс не әзіл-әжуа басым. Елдің сауа­тын ашу жұмыстарын сол жақ­та жүргізу керек. Қаржылық сауат­тылық мектептен басталуы тиіс, – деді сенатор Евгений Бо­ль­герт.

Мысалы, шетелдегі алаяқтар «Самұрық-Қазына» қоры, «Қаз­МұнайГаз» сияқты танымал ұйым­дардың терісін жамылып, жал­­ған инвестицияға ақша жи­най­ды. Қарапайым азаматтың бұ­ларға қоңырау шалып, шын-өті­рігін анықтай алмайтынын пай­­­даланады. 

Қалай алданып жүрсіз, азамат?

Бас прокуратураның Құ­қық­тық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі ко­ми­теті енді интернет-алаяқтықпен бай­ланысты қылмыстардың құ­ры­лымы туралы деректерді жа­рия­­лай бастады. Бұл ақпарат аң­ғал азаматтардың қаскөйлердің қан­дай айла-шарғысына көбірек се­ніп қала беретінін түсінуге кө­мек­теседі. 

Статистика бойынша, ин­тер­н­ет-алаяқтықтың ең танымал тә­сі­­лдеріне келесілер жатады: бі­рін­шіден, тауар не қызмет туралы жал­ған онлайн хабарландыру ор­­­­наластырылады. Мысалы, жи­һаз жасайтыны туралы хабарла­н­дыру беріп, алдын ала төлемді ал­ған соң жоғалып кетеді. 

«Азаматтарға жиһаз жасау це­хына баруға, қызметін пай­да­лан­ған клиенттердің пікірлерімен та­нысуға кеңес береміз. Сонымен қа­тар компанияның толық де­рек­темелері, мөрлері көрсетілген ке­­­­лісімшарт бекіту керек. Жиһаз қо­лға тигенге дейін толық төлем жа­самау қажет», – деп кеңес берді ас­таналық полиция.

2023 жылы жасалған бүкіл 21 637 интернет-алаяқтықтың 8 191-і тауар-қызметтер туралы жалған онлайн жарнама арқылы жүзеге асырылған. 2024 жылғы қаңтар-шілде айларында мұндай ша­ғым­дар саны шамамен 3,2 мың болды. Ол интернет-алаяқтыққа қатысты бар­лық тіркелген биылғы қыл­мыс­тың төрттен бірін (24,5%-ы) құрады.

Екінші орында қыл­мыс­кер­лер­дің сайттар, электронды пошта не­месе смартфонға арналған қо­сым­ша арқылы азаматтардың құ­пия деректеріне қол жеткізуіне қа­тысты шағымдар тұр. Үлесі – 24,2%. Дербес деректердің ұрла­нуы­­­­ның немесе қазақстандық­тар­дың оны өз еркімен жазып қал­­­­­­­дыруының соңы үлкен шығынға соқтыруы мүмкін. 

Үшіншіден, олар ха­лық­ты өмірде жоқ жо­­ба­­ларға инвес­ти­ция жасап, мол та­быс табуға қызықты­ра­ды. Төртін­­шіден, өзін банктің, про­ку­ра­тураның, по­ли­ция­ның, ар­найы ор­­ган­дар­дың және бас­қасының қыз­мет­кері ретінде таныс­ты­рып, қоңырау шалады. Түрлі қу­­лық­пен құрбанының қаража­тын қал­та­сы­на басады, онлайн кре­дит рәсім­де­теді. 

Сондай-ақ кибер­қыл­мыс­кер­­­лер аңқау жан­дарды құ­рығына тү­сіру үшін жал­ған ло­тереялар, кон­­курс­тар, викто­ри­­налар ұйым­дас­ты­рады. Адамдардың әлеу­мет­тік желідегі ак­каунттарын бұзып, меншіктеп ала­ды, солар арқылы оның та­ныс­тарына, туыс-туғаны­на жал­ған хабарламалар жолдап, қарыз не әлдебір проблемадан құ­тылуға ақша сұрайды. 

Ұялы байланыс опера­тор­лары нө­мірді ауыстыру (мысалы, дисп­лей­де нақты бір банктің төрт сан­нан тұратын шынайы нөмірі шы­ғып тұрады) арқылы телефон соқ­қан шетелдік алаяқтардың жүз­­деген мың қоңырауын бұғат­тайды. Бірақ бұл сүзгіні алаяқтар SIP-телефония немесе SIМ-бокс ар­қылы айналып өтеді: олар теле­фон трафигін интернетке ауыс­тыра­ды. Болмаса, WhatsApp, Telegram арқылы қоңырау шала­тынды шығарды. 

Күрес шаралары жетілдіріледі

Премьер-Министр Олжас Бек­теновтің депутаттарға ұсын­ған ақпаратына жүгінсек, Үкімет мүд­делі мемлекеттік органдармен бірге киберқылмыстарға, соның ішін­де онлайн-алаяқтыққа қарсы тұру бойынша ұйымдас­тыру­шы­лық-практикалық шаралар қа­былдап жатыр. Тиісті ведо­мство­лық және ведомствоаралық нор­­мативтік актілер іске асыры­лады. Осы бағытта алғаш рет жеке тұжырымдама, бағдарлама және жол картасы қабылданды. 

Банктер цифрлық қауіп­сіз­діктің қосымша тетіктерін қолдануға міндеттелді. Мысалы, бұдан былай қосфакторлы ау­тен­тификациядан және био­мет­рия­лық идентификациядан өтпеген клиентке несие берілмеуі тиіс. Алаяқ­тар онлайн несие рәсімде­ген­де, аутентификациядан өту үшін клиенттердің смартфо­нын­дағы галереядан ұрлаған немесе әлеу­меттік желіден алған фотосын немесе видеосын пайдаланады екен. Алаяқтар терминалдың ка­ме­расына құрбанның сондай фо­то­суретін не бейнежазбасын то­сып тұрмауы үшін банктер мен МҚҰ-лар қарыз алушыдан белгілі бір бірізділікпен қайталанатын «ба­қылаулық қозғалыстарды» орын­дауды сұрауға міндетті.

Заңнама да жетілдіріліп жа­тыр. Азаматтардың дербес дерек­те­рінің сыртқа ағып кете беруіне тос­па құру үшін заңнамамен қа­рас­тырылған жағдайлардан бас­қасында, жеке куәліктердің, сон­дай-ақ жеке басты куәландыратын өзге құжаттардың копия-көшір­ме­сін алуға заңмен тыйым салын­ды. Дербес деректерді жинайтын ұйымдар олар сыртқа ағып кетсе, бұл фактіні уәкілетті органға де­реу хабарлауға міндеттелді. Бір күн ішінде құлақтандырмай, жа­сыр­са, айыппұл салынады. Дербес де­ректерінің қолды болғаны ту­ра­лы халықты хабардар ету тә­жі­ри­бесі қолданылады. Азаматтардың сыртынан онлайн несие рәсімдел­меуі үшін банк заемдарын алудан ерікті бас тарту тетігі енгізілді. 

Жаңа заңнамалық түзетулер ая­сында суперадминистратор­лар­дың қызметіне, антипарсингке, сондай-ақ антибот-жүйелерге ба­қылау енгізу жоспарланған. Әкім­шілік құқық бұзушылықтар кодексіне ұсынылған жаңа тү­зе­тулер дербес деректер, электронды құжат және электронды цифрлық қол­таңба саласындағы заңбұзу­шы­лықтар үшін жауапқа тартудың «ескіру мерзімін» (срок давности) арттыруды, айыппұл көлемін 3 есе көтеруді қарастырады. 

Жұрттың «Қаржылық сауа­тын» арттыру үшін 17 облыста, Ас­тана, Алматы және Шымкентте оф­флайн, бетпе-бет кездесу фор­матында жаппай оқыту іске қо­сыл­ды. 2024 жылдың басынан қар­жылық сауаттылықты арттыру курстарынан 54,4 мың адам өтіпті. Оның 81%-ын ауыл мен аудан тұр­­­ғындары құраған. 

Өскелең ұрпақты қаржы­лық тұр­ғыдан оқу-ағарту үшін AMANAT партиясы «Қарыз­сыз қоғам» жобасын жүзеге асы­ра­­ды. Оның аясында, Олжас Бек­­­­­­­теновтің айтуынша, 2024 жылы оқушылар мен студенттерге арнап, қаржылық сауаттылық жөніндегі оқулықтар мен әдісте­мені жасау жоспарланған. Соның арқасында мектеп, колледж бен жоғарғы оқу орын­дарында жыл сайын ш­а­мамен 550 мың шәкірт оқыты­лады. 

Сөйтіп, Үкімет пен құзырлы құ­­ры­лымдар интернет-алаяқ­тар­мен «майданның» барлық бағы­тын­да айқасып жатқанға ұқсайды. Мем­лекеттің де, халықтың да тағ­­­­­дыры осы тайталаста қай жақ­тың жеңетініне тәуелді болады.

Елдос СЕНБАЙ