«Miras» аймақтық кеңесі өңірдегі мәдени, рухани мәселелерді талқылайды.
«Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті
769
оқылды

«AMANAT»  партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.

Аймақтық кеңестің отырысында «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының  орындалу барысы және ШҚО-дағы Құсбегілікті дамыту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәселелер талқыланды.

«Қазіргі таңда 4 объекті бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Зайсан ауданының Сарытерек ауылындағы мәдениет үйі, Күршім ауданының Ақбұлақ ауылдық клубы, Катонқарағай ауданының Барлық ауылындағы ауылдық клуб, Самар ауданының Көкжыра ауылындағы ауылдық клуб. Аталған мәдениет нысандарындағы  жұмыстар 31 қазанға дейін аяқталады»,- деді ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Нурмуханова.

«Miras» аймақтық кеңесі өңірдегі мәдени, рухани  мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасындағы мәдени нысандарға қатысты тармақтарының орындалуын қадағалайды.

«Кеңестің күн тәртібенде қаралған әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Оның орындалуында біз қадағалаймыз. Себебі партиямыз еліміздің рухани мәдени құндылығын дамытуға баса назар аударуда», - деді «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы Аскерхан Хуанбай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.