Астана қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір жыл ішінде ұсақ бұзақылықты екі рет қайталаған ер адамға қатысты үкім шықты.
Астанада көшеде кіші дәрет сындырған тұрғынның басы дауға қалды
1,837
оқылды

Азамат Ц. қоғамдық орында бола тұра, көпірде дәрет сындырған, – деп жазады Aikyn.kz.

Сол арқылы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан қоғамдық тәртіпті бұзған.

"Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайлары құқықбұзушылық туралы бейнежазбамен және құқық бұзушының жазбаша түсініктемелерімен расталады", – деп жазды соттан.

Сот қаулысымен Ц. ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.