Аналардың дұғасы - сіздің қалқаныңыз.
Гүлзира Айдарбекова ана мен келін арасына от салатын блогерлерді сынға алды
Іnstagram.com/gulziraaidarbekova
1,590
оқылды

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ене мен келін арасына от салатындарға ақылын айтып, көпті ойландырып қойды, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайрат Нұртастың анасы Instagram-дағы Stories-інде марқұм дінтанушы Әбдуғаппар Смановтың уағыздарының бірінің видео үзіндісін жариялады. Онда келіннің енесіне көрсеткен құрметі, ер азамат үшін ананың рөлі туралы айтылған. 

- Ана мен келін арасына от салып, ойын өзгертетін ақылшы не - блогерлер. Сіздерді де балаларыңыз бірінші орынға қойсын. Анаңыз сізбен мәңгілік емес. Тек кеш болмасын. Бар кезде бағалаңыз. Аналардың дұғасы - сіздің қалқаныңыз, ұмытпаңыз, - деп жазды продюсер.