Полиция бұл ақпаратты растады.
Алматыда ҰҚК академиясының курсанты жоғары қабаттан құлап, қаза тапты
471
оқылды

Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты мерт болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Деректерге сенсек, Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлаған.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Марқұм – 19 жас шамасында.

"Аталған факт бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде", – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.