Бұл жаңалықпен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Осындай жар сыйлағанына рақмет»: әнші Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлады (видео)
Фото: instagram.com/ berkut_aibekjan
3,022
оқылды

Әнші Бүркіт әйелі Аишаның анасына көлік сыйлады,  – деп жазды Aikyn.kz.

Бұл жаңалықпен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі жұбайының жақсы қасиетін айтып, алғыс білдірді.

«Мен әлі көп нәрсе үйренуім керек екен жұбайымнан. Былай айтқанда, бұл енді сахнада екеуіміз жүрген соң, мен ойлаймын, бұл Аишаның өзінің анасына сыйы. Иә, түсінем, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен айттым, «Бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы» деп. Не деген қарапайымдылық десеңші, Аишанікі. «Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлық, нақты өзінің инициативасы» деп шетте тұр. Мен біртүрлі сезімде болдым шынымды айтсам… Басқа адам болса «Да, мама , это мой тебе подарок!» деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма мың рақмет, маған осындай жар сыйлағанына! Жұмада жасаған игі ісіміз! Сондықтан мен жұбайымнан әлі де қарапайымдылыққа үйренуім керек екен деген шешімге келдім», - деп жазды ол.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.