Ел аумағы бойынша жел күшейеді.
Алдағы күндері -7 градусқа дейін аяз болып, қар жауады
806
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 24-26 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында, 26 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауынның соңы қарға ауысады деп болжануда.

Түнде ауа температурасы  2-7 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Өзге өңірлерде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел аумағы бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі.

Ауа температурасы күндіз: елдің батысында +18+26°С дейін, солтүстігінде, шығысында +5+10°С дейін, орталығында +7+15°С дейін, оңтүстігінде +12+20°С дейін, таулы аймақтарында +2+10°С дейін төмендейді.