Президенттің өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Фото: Ақорда
804
оқылды

Президенттің өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", – делінген құжатта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.