Бұл туралы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Ақын Жүрсін Ерман Президенттің кеңесшісімен кездесті
Фото: facebook.com/Берік Уәли
1,033
оқылды

Ақын Жүрсін Ерман Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәлимен кездесті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Ұлттық өнердің кең жүректі жанашыры, ақын Жүрсін Ерман ағамызбен кездесіп, мәдениет пен руханият тақырыптарында пікір алмастық. Ауырып қалғанында алаңдап қалған едік, кейінгі кезде республикалық айтыстардың төрінен көрініп қуантып жүр. Қырық жыл бойы қазақтың айтыс өнерінің басы-қасында жүрген, жыр додаларының қара нары атанған Жүрсін ағамыз аман болсын!» - деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.