Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жетісу облысында дүкен өртенді
592
оқылды

Жетісу облысында өрт сөндірушілер дүкендегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Жаркент қаласында Н. Головадский көшесі бойындағы дүкендердің бірінде жертөле төбесінің жануы орын алды. Отпен күресуге жіберілген өрт сөндіру есептобының жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді, - делінген хабарламада. 

ТЖД қызметкерлері қауіпсіз жерге көлемі 50 және 25 литрлік 2 тұрмыстық газ баллонын шығарды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.