Жүйе биыл 1 желтоқсанда тестілік режимде іске қосылады.
Елімізде су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі әзірленуде 
606
оқылды

Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы су тасқыны жағдайын ғарыштан мониторингтеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның бірінші кезеңі тарихи және жедел гидрометеорологиялық деректерді, гидропосттардың нақты координаттарын, реперлердің белгілерін және т. б. жинаудан тұрады. Екінші кезең GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр. 

«Жүйені тестілік режимде іске қосу осы жылдың 1 желтоқсанына жоспарлануда», – деді Жаслан Мәдиев.