Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жаңа сериал түсіріп жатыр
604
оқылды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан жасөспірімдер жайлы жаңа сериалдың түсірілімін бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Мына Мөлдір тағы не істеп жүр дейсіздер ғой. Еліміздің болашақ жұлдыздарымен кино түсіріп жатырмыз. Астанадан Алматыға чемоданым мен актерларымды арқалап, американ-корей стилінде мектеп жайлы сериал түсіруге келдік. Басты рөлде – жасөспірім 10 оқушы. 10 түрлі мінез, 10 түрлі тағдыр, 10 түрлі арман. Жасөспірімдер мен мектеп жайлы кино болғандықтан біразыңыз үйлеріңіздегі бір-бір бойжеткен мен бозбаланың өмірін былайша айтқанда, ішкі кухнясын кинодан көріп, түсіне аласыздар. Киноның стилі бүгінгінің балаларының қызығушылықтарын ескере отырып таңдалды. Түрлі салада жүріп, көріп жас баланың көзіндегі отты жағу, бойындағы жігерді оятудан асқан бақыт жоқ екенін түсіндім. Ал болашақ жарық жұлдыздарымызға сәттілік тілеп қойыңыздар", – деп жазды Мөлдір Мұқан.