Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі бүгін, 24 қыркүйекте түстен кейін болған.
Қазақстанның батысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com
5,213
оқылды

Еліміздің батыс аймағында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі бүгін, 24 қыркүйекте түстен кейін болған. 

Ұлттық ядролық орталығы геофизикалық зерттеулер институты желісінің стансалары 2024 жылғы 24 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 14:20 шамасында (GMT 09:20) зілзаланы тіркеген.

«Батыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік – 46,07 градус, шығыс бойлық – 53,30 градус. Магнитудасы – 4,1. Энергетикалық класы – 9,2», – делінген ақпаратта.

Ал, volcanodiscovery.com мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісі Атырау облысының аумағында тіркелген. 

Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.